"Ақырзаман деген осы": Алматы облысында түсірілген құйынның видеосы жұртты шошытты
Әлеуметтік желі қолданушылары қатты соққан құйынның видеосын қызу талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары құйынның Алматы облысы Райымбек ауданында жүріп өткенін жазады.
"Полюстер ауысып жатыр", "Құдайым, сақтай гөр", "Ақырзаман деген осы", – деп жазыпты олар.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, биыл аймақта құйын тіркелмеген.
"Видеоның соңындағы құлаған ағаштар, шынымен де, біздің облыста өткен жылы шілдеде түсірілген. Ал видеоның басындағы дауыл монтажбен қосылған. Еске салайық, 2020 жылдың 3 шілдесінде сағат 17:00 шамасында Ойқарағай орманында дауыл болған. Дауыл Шренк шыршасының 32,7 текше метрін бүлдірді. Кейінірек құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді", – деді әкімдіктегілер.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған