Ағасы Мұхаммед-Әли Жүгінісовтің үйленгенін растады
Жуырда әлеуметтік желіде Мұхаммед-Әли Жүгінісовтің үйленгені туралы ақпарат тарады. Алайда өнер иесі де, оның отбасы да мұны растамады. Есесіне Мирас Жүгінісов інісінің отау құрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TABOO бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мирастың айтуына қарағанда, жас жұбайлар Мұхаммед-Әлидің ата-анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Өзінен кейінгі бауыры отбасын құрғандықтан, үйлену туралы әңгіме Мирасқа да көп айтылады. Алайда әншінің әзірге шаңырақ көтеретін ойы да, кездесіп жүрген қызы да жоқ.
"Үйлен деп айтады. Ертең Мұхаммед-Әлидің баласы сенің балаңнан үлкен болады. Сондықтан тезірек үйлен, жүре бермей деп. Бірақ әзірге үйленемін деген ой жоқ", – деді Мирас.