Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мирас Жүгінісов: Бетім сал болып қалды, сөйлегенде көзім жұмылып қала береді

Әнші Мирас Жүгінісов денсаулығындағы ақау жайлы айтты. Бала кезінде Мирастың беті сал болып қалған. Сондай-ақ әнші жүрегінде тесік болуына байланысты спортты тастауға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TABOO бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазір де болады. Бір бетім сал болып қалды, сөйлеген кезде бір көзім жұмылып қала беретін. Сол мен үшін комплекс болатын. Кейде өзіме ғана көрінеді. Ыңғайсыз болады.

Үш рет алдым. 6, 12, 14 жасымда ауырдым. Кейде аузым қозғалғанда, көзім де қозғалады. Болмаса құлағымның ішінен бір дыбыстарды естимін. Түсініксіз", – деген Мирас мұның неден болғанын нақты білмейді.

Бұдан өзге, жастай спортпен шұғылданған өнер иесі жүрегіндегі ақауға байланысты оны тастауға мәжбүр болғанын жеткізді. 

"2 сантиметрлік тесік болды. Каратэ мен футболға, қосымша шахматқа баратынмын. Ауырлық түсіп кеткеннен солай болды", – деді әнші. 



Мирас шамамен 14-15 жаста болғанда оны көлік қағып кеткен. Әнші бұл жағдайды ешкімге айтпапты. 

"Үстім ауырып, қан болып жатқанға ренжімедім. Тұра алмай жатқанымда, әлгі көліктегі кісі қарады да, кетіп қалды. Сол кезде жаман адамдардың болатынына қатты жындандым. Ешкімге айтпадым", – деді Жүгінісов. 

Талқылау