Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамды соңғы сапарға шығарып салу қанша тұратынын білесіз бе

Бүгінде қалалы жерлерде  мәйітті жерлеуге арналған моладағы жерлердің өзі сатылады деген сөз бар. Ондағы көр қазу, салттық жерлеу рәсіміне арналған еңбек ақылар бөлек  есептеледі. Ал қара жамылып қайғырған отбасының есепке шамасын келтірмеуді көздеген компаниялар, қазадан қаржы жасауды әдетке айналдырған. Ал шын мәнінде адам жерлеу заң бойынша қалай жүзеге асырылатынын «Сөздің шыны керек» бағдарламасында айтылды.

жерлеу-рәсімі

Имамдар ысырапшылдыққа қарсы. Өткен аптада ақтөбе имамдары қаралы қазаны тоймен шатастырып алатындардың әрекетін сынап, жаңа  ұсыныс айтты.

«Бірінші ысырапшылдыққа жол бермеу.Екінші мәселе өзінде жоқ болса да қарыз алып осы діни рәсімді ол атқаруға міндетті емес екендігін түсіндіру. Әркім өзінің көрпесіне қарай көсілу керектігін көрсету»,-деді Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспанов

Тек бұл айтылған жай ұсыныс ретінде қалып қоймаса игі. Әйтпесе, қаралы дастарханнан өзі ішіп жегенімен қоймай,дорбалап алып кету үрдісі жас өлімге де қарамайтындай жағдайға жеткені қынжылтады.

«Біздерде қазір бәсеке ғой. Бірінен бірі солай қалмау керек. Садақа болғаннан кейін той етіп жасаудың керегі жоқ»,-дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Мәншүк Қарабасова

Қаралы қазаның дастарханы былай тұрсын, жер астында шіріп кететін табытты да табысқа айналдырып алғандар бар. Діні бөлек десек те алам өлген соң көк тиындық құны жоқ ағаштар қомақты қаражатпен бағаланады екен.

« Лакталған табыттар бар. Бағалары 50 мыңнан басталы 350 мыңға дейін барады»,-дейді  Салттық қызмет көрсету компаниясының өкілі Андрей.

« Қайғырып тұрған сәтін пайдаланып ритуалды қызмет үшін аспандағы бағаларды айтатын компаниялар бар. Қара жамылған отбасы сабырға келгеннен кейін барып есептеп, қомақты қаржы жұмсағанын түсінеді.  Жер сатылады деп шығарып жүргендер де солар»,-дейді Алматы қаласы салттық қызметтер АҚ бас директорының орынбасары Марат Исмаилов.

Яғни журналистерге  өз тауарларын көрсету үшін өзгенің дүкеніне жол сілтеген компания сондай делдалдар болуы әбден мүмкін. Сөйлесіп тұрғаны тілші екенін ескертпей тұрғанда тағы бір компания жер сатылатынын айтып, салттық рәсімге сай бұйымдарды алар болса жеңілдік жасайтындарын ескертіп уәдені үйіп-төккен.

«Аадам жерлеу үшін бе? Онда үстіге барасыздар. Онда бастықтар отыр. Мұнда мемлекеттік қой төлейсіз де чекпен келесіз»,-дейді Боралдай кентінің маңындағы  «Батыс» зиратының қарауылы.

Бұл жерде жер сатылмайтынын қарауылдан бастап, бастықтарына дейін айтты.

Ендеше, ғаламторда өзін ритуалды мекеме ретінде жарнамалап салып қойған компаниялар қайдағы жерді қаншаға сатып жүр? Бұл сұрақты Алматыдағы  зираттарға жауапты мекеме басшылығына қойдық.

«Зираттағы жерлер тегін беріледі.Тек марқұм болған адамның қайтыс болғанын растайтын медициналық құжаттың негізінде беріледі. Мұндай жерлер алдын ала берілмейді. Сол себепті, делдал компания өкілдеріне алданып қалмау керек. Бірақ, салттық қызметтер ақылы. Және оның арнайы тағайындалған бағасы бар»,-дейді Алматы қаласы салттық қызметтер АҚ бас директорының орынбасары Марат Исмаилов.

Үлкен мола қазу-19 110 теңге

Молаға ақым қазу- 16 140 теңге

Моланы топырақпен көму- 5930 теңге.

Барлығы -67 420 теңге болады.

Яғни қаражат жер үшін емес қызмет үшін төленеді. Біреудің өлімінің арқасында өмірін түзейтін кей делдалдар осы қызмет түрлеріне аспандағы бағаны қойып алып, бизнесін дөңгелетеді  дейді марат Исмаилов.

Өткен жылы қайтыс болған 7703 үш марқұмның жерлеу рәсімін жеке компаниялар жүргізген.   Айтакететіні табыстылығы бойынша әлемде  төртінші орында тұрған бизнестің бұл түрінде ешкім саудаласпайды екен. Қара жамылған отбасының осы әлсіз тұсын пайдаланатындар аспандағы бағаны өздері қойып алады. Мұны тексеріп отырған ешкім жоқ. Себебі ешқандай заң жоқ осы мәселеге қатысты.

Кеңсай зиратының жұмысшысы аптасына екі немес үш мәйітке зират қазады. Олар мәйіттің жанына жер қазу қажет болса арнайы қауіпсіздік шарасын күшейтетін киім киеді екен.

«Арнайы жаздық, қыстық киім бар. Қазір қыстық киімді киеміз»,-дейді  Кеңсай-1 зиратының жер қазушы қызметкері Ермек Бекбатыров

Оқи отырыңыз:

Ер адам табыттың қақпағын ысырып өзінің жерлеу рәсімінде оянып кетті

Тайванда саясаткердің ұлы әкесін жерлеу рәсіміне стриптиз билейтін қыздарды шақырды (видео)

Алматының әскери қызметкері қос бүлдіршінді өлімнен құтқарып қалды

Әкімнің 26 жастағы ұлы Қарағанды әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды

 

Талқылау