Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдардың мейірімінен көзге жас келеді": Қазақстандықтар Оралдағы теміржол вокзалында ресейліктер үшін тамақтану орындарын ұйымдастырды

Оралдағы темір жол вокзалында еріктілер Ресейден келген азаматтар үшін тамақтану орындарын ұйымдастырған. Сонымен қатар түнеуге арналған тегін орындар ұсынып, көрші қалаларға жету үшін арзан таксимен қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

еріктілер

Куәгерлердің айтуынша, шеттен келген азаматтарды мұнда жылы шыраймен күтіп алған. 

Әлеуметтік желі қолданушылары видео астында түрлі пікір қалдырды. Бірі азаматтардың бұл бастамасын қолдаса, енді бірі өз наразылығын білдірді. 

"Әлемде бейбітшілік пен махаббат болғанын қалайтын адамдардың мейірімінен көзге жас келеді", "Құрметті ресейліктер, көмек пен сіздерге деген қарым-қатынасты ұмытпаңыздар. Сіздерді өлімнен қазақстар, грузиндер, қырғыздар, моңғолдар және тағы басқалары құтқарып қалды", "Қазақтар мобилизациядан қашқан ресейліктерді тамақтандырып жатыр. Мен өзбек еріктілерінің шағын топтары келген ресейліктерге баспанамен көмектескенін көрдім. Енді алдағы уақытта Ресейде  пәтердің "тек славяндар үшін" деген жарнамасын көргенде мұны ұмытпайтынына көз жеткізгім келеді", – деп жазды желі қолданушылары. 

Енді бірі ресейліктердің келуі тұрғындарға зиянын тигізуі мүмкін екенін айтты. 

"Сырттан келгендер жалдамалы пәтердегі орынды алып, жұмыстарыңды тартып алғанда, қонақжайлылықтарыңды көрермін. Қонақжайлылықтың жақсы екені сөзсіз, бірақ бұл жолы емес, достар. Бұл жолы емес!" – деп қосты олар.

Талқылау