"Әбден әлсіреген": Алматы зообағындағы ягуардың жағдайы желі қолданушыларының наразылығын тудырды
Видеодан скрин
Қазақстандық әйел Threads желісінде Алматы зообағындағы ягуардың жағдайына наразылығын білдіріп жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы жыртқыштың күтімі нашар екенін әрі жануардың әлсіреп қалғанын алға тартқан.
“Бұл жай ғана наразылық емес, көмекке шақыру жанайқай. Алматы зообағында азап шегіп жүрген жануар бар, ол әрең қозғалады, әбден арықтаған әрі титықтаған күйде. Егер жақын уақытта нақты шаралар қабылданбаса, мен барлық тиісті мекемелерге шағымдануды жалғастырамын, шу көтеріп, тексеріс жүргізілуіне қол жеткіземін”, – деп жазды Threads қолданушысы.
Әйел жариялаған видеодан жануардың расында бір аяғын баса алмай тұрған байқауға болады.
Алматы зообағының басшылығы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Видеода Диана есімді ягуар бейнеленген, ол 2007 жылы туған. Кішкентай кезінде жануар жарақат алып, соның салдарынан бір аяғы мен құйрығынан айырылған. Алған жарақаттарына қарамастан, ягуар құтқарылып, мамандардың тұрақты бақылауында ұсталып отыр. Эвтаназия жүргізуге негіз жоқ, себебі Диана белсенді өмір салтын ұстанады. Диана – зообақтың көнекөз тұрғындарының бірі, бұл мекеме мамандарының тиісті күтім жасап, кәсіби жұмыс атқарып отырғанын дәлелдейді", – деп хабарлады ұйым өкілдері.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар