Абай облысында ер адам Instagram-дағы “әзілі” үшін 11 жылға сотталды

Абай облысындағы түрмеде жазасын өтеп жүрген ер адам әлеуметтік желілер арқылы Баку халықаралық әуежайында теракт дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылжың 19 шілдесінше Абай облысындағы №19 мекемеде (түрме) жазасын өтеп жүрген 31 жастағы ер адам ұялы телефонды заңсыз иемденіп, Instagram желісіне кіріп, Баку әуежайында теракт дайындалып жатқаны туралы хабарлама жариялаған.
Ер адам хабарламада жарылыс болатын нақты орын мен уақытты да көрсеткен.
"Өзінде заңсыз сақталған ұялы телефонды пайдалана отырып, сотталған адам болжамды қауіптің нақты орнын және уақыт шеңберін әдейі көрсеткен. Ол мұндай хабарламалардың құқық қорғау және арнайы қызметтердің ауқымды әрекет етуіне, олардың жұмысының іркілісіне және халық арасында үрей туындауына әкелетінін толық түсінген", – делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Хабарлама жарияланғаннан кейін полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті және түрме әкімшілігі істі тергеуге кіріскен.
“Жалған ақпараттың түсуіне байланысты жедел тәртіпте полиция департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және түзеу мекемесі әкімшілігінің күштері жұмылдырылды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның көзі жедел түрде анықталып, ақпараттың жалған екені белгілі болды”, – делінген хабарламада.
Мамандар аталмыш ақпараттың кездейсоқ айтылған сөздер емес екенін, ер адам әуежай мен мемлекеттік органдардың жұмысын іркіліске ұшырату мақсатында жалған ақпаратты саналы түрде таратқанын анықтады.
"Тергеу қорытындысы бойынша жазасын өтеушінің әрекеті “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” бабы бойынша сараланды. Сот талқылауының нәтижесінде айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген полиция хабарламасында.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ