Түркістан облысы мен Ташкент арасын жалғайтын жасырын туннель табылды: Ол жерден Индиядан келетін дәрі-дәрмектер тасымалданған
Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Қазақстанмен шекарада ұйымдасқан қылмыстық топқа тиесілі 310 метрлік тоннельді анықтады. Контрабандистерден 17 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кursiv.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Кursiv.kz
Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Қазақстан-Өзбекстан шекарасында контрабандашыларға тиесілі ұзындығы 310 метр жерасты тоннелі анықталды. Ведомство ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері тоннель арқылы елге дәрі-дәрмекті заңсыз әкелгенін айтты.
“Мемлекеттік күзет, шекара және "Ташкент-Аэро" кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп, Үндістаннан Қазақстан арқылы Өзбекстанға дәрі-дәрмектерді заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі”, – делінген хабарламада.
Күзет қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Дели-Ташкент-Алматы рейсімен дәрі-дәрмек партиясын жеткізген. Содан кейін ол тоннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент облысына тасымалданған.
Контрабандистерден 17 мыңнан астам дәрі-дәрмектің 107 түрі тәркіленді.
Биыл наурыз айында Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Өзбекстанға баратын тоннель қазылған үйді анықтады. Үй иесі қамауға алынды. Тоннельдің тереңдігі – 15 метр, жалпы ұзындығы – 130 метр. Тоннель адамдар мен жүктерді заңсыз тасымалдау үшін қазылған.
Айта кетейік, 2022 жылы Өзбекстанның құқық қорғау органдары Қырғызстанға апаратын тоннельді де тапты. Жеке үйде орналасқан тоннель кеденді айналып өтіп, тауарларды заңсыз кесіп өту үшін пайдаланылған. Құқық қорғау органдары қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
- Қарағанды облысында "қара риелторлар" әлеуметтік осал топ өкілдерінен 14 пәтерді заңсыз тартып алған
Еске салайық, бұған дейін Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Топ мүшелерінің "қаңтар оқиғасының" белсенді қатысушыларымен байланысы бары анықталды.