22 жыл бойы жаңармаған Криштиану Роналдудың рекордын 17 жасар футболшы жаңартты
22 жыл бойы ешкім жаңарта алмай келе жатқан Криштиану Роналдудың рекордын 17 жастағы португалиялық футболшы Жеовани Кенда жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Спортинг ФК
Футболдан Португалия чемпионатында өнер көрсететін 17 жастағы Жеовани Кенда 22 жыл бойы ешкім жаңарта алмай келе жатқан Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты. Од өнер көрсететін "Спортинг" клубы өз алаңында "Бенфикамен" кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта "Спортинг" сапында17 жастағы Жеовани Кенда алаңға шықты. 17 жастағы футболшы бұл матчқа қатысу арқылы клуб тарихында доп тепкен ең жас ойыншы ретінде рекордты бұзды (17 жас 8 ай). Бұған дейін бұл рекорд шабуылшы Криштиану Роналдуға тиесілі еді. Ол "Спортинг" клубы сапында алғаш рет алаңға шыққанда, оның жас мөлшері 17 жас 10 ай болған. Криштиану Роналдудың 2002 жылдан бері сақталып келген рекорды 22 жылдан кейін алғаш рет жаңартылды.
Айта кетейік, Жеовани Кенда Гвинея елінде дүниеге келген, бірақ бала кезінде Португалияға көшіп келген. 2016 жылы ол футболдағы алғашқы қадамдарын "Дамайенсе" командасында бастады, ал 2017 жылы "Бенфика" академиясына қабылданды. 2019 жылы ол "Спортингке" ауысты.