Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері белгіленді

Тоқаев "Республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

"Мемлекет басшысы "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Заңға сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- ең төменгі жалақы 85 мың теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 мың теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 мың теңге;
- айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру минимумы 43 мың теңгені құрайды.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат олардың сомаларының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюы ескеріле отырып беріледі.

Бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қалалардың бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 5,2 триллион теңге сомасында көзделген, оның ішінде:

- Абай облысына – 234 948 938 мың теңге;
- Ақмола облысына – 354 724 684 мың теңге;
- Ақтөбе облысы – 293 012 614 мың теңге;
- Алматы облысына – 183 608 471 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысына – 245 334 008 мың теңге;
- Жамбыл облысына – 426 356 383 мың теңге;
- Жетісу облысына – 355 343 578 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысына – 251 390 766 мың теңге;
- Қарағанды ​​облысына – 322 790 809 мың теңге;
- Қызылорда облысына – 433 008 847 мың теңге;
- Қостанай облысына – 318 913 396 мың теңге;
- Маңғыстау облысына – 135 605 790 мың теңге;
- Павлодар облысына – 132 387 464 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысына – 316 648 616 мың теңге;
- Түркістан облысына – 1 001 641 890 мың теңге;
- Ұлытау облысына – 51 803 957 мың теңге;
- Шымкент қаласы – 207 506 595 мың теңге беріледі.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 05 Желтоқсан, 2023 21:34
Талқылау