Көпқабатты 17 үйде жылу жоқ: Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Павлодар облысының Екібастұз қаласында жылудың жоқтығына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше 17 көпқабатты тұрғын үйе, 5 әлеуметтік және 21 заңды нысанда әлі жылу қосылмаған.
"Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 27 қарашада сағат 01.30-да жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты желілік судың қысымы төмендеген, нәтижесінде №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары тоқтатылды, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды.
"Қазіргі уақытта №8 және №14 қазанагрегаттары іске қосылып жатыр. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлері қалпына келтіріледі. Қала, облыс, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.