Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

22 қараша күні судья Нұрлан Губашев төрағалық еткен Орал қалалық сотында Валерий Петрунинға қарсы үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап. 

Сурет: mgorod.kz сайтынан

Күдікті сот барсында істеген қылмысын тұтастай мойындап, опат болған қыздың отбасына көңіл айтты.  Бұған қоса өзін бас бостандығынан айырмауын өтінді.

"Мен сіздерден менің бас бостандығымнан айырмауларыңызды сұраймын. Менің әйелім жақында Алматыда босанайын деп отыр, оның үстіне ол лейкемияға шалдыққан. Жол апаты орын алған кезде мен әйеліме асығып бара жатқан болатынмын: ол маған қоңырау шалып, жағдайы ауырлап бара жатқандығын жеткізді. Мені бостандыққа шығарыңыздаршы, қолымнан келгенше опат болған қыздың жақындарына көмектесейін", - деді Валерий Петрунин.

Ол ҚР ҚК-нің 345 "Жол ережелерін бұзғаны" және 347 "Жол-көлік оқиғасы болған жерде тастап кеткені" үшін екі айға түрмеге жабылған. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін сотталыпты. Сонымен қатар ол біраз уақыт бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. 

"Сіз орта ауырлықтағы қылмыс жасадыңыз. Алайда сіз жол апаты орын алмай тұрып әкімшілік жазаға тартылып, сол себепті көлік айдау құқығынан айырылғансыз. Сіз қайғылы оқиғаға жол беріп қана қоймай, оқиға орнынан қашып кеттіңіз. Сондықтан сіз қоғамға қауіптісіз", - деп мәлімдеді Нұрлан Губашев. 

Естеріңізге салай кетейік, бұған дейін Оралда қызды көлікпен қағып өлтіріп, ізін суытып үлгерген жүргізуші іздестіріліп жатқандығы айтылған еді. 

Талқылау