Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қызды көлікпен қағып өлтіріп, ізін суытып үлгерген жүргізуші іздестірілуде (видео)

Оралда оқушы қызды көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан із суытқан жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: mgorod.kz сайтынан

Жол апаты 20 қараша күні сағат 20:50-де Нұр көшісінде орналасқан ықшам-аудандардың бірінде орын алған. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатқан 10 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Қазір көлік жүргізушісі іздестірілуде. Қала бойынша куәгерлер суреттеп берген көлік іздеп жатырмыз. Жақын арада табымыз деп ойлаймын. Қаладан шығатын барлық жолдар жабылды", - деді қалалық полиция қызметінің басшысы Мерлан Айкенов. 

Қыз алған жарақаттардан жол жерде көз жұмды.

 

 


 

Полицейский сбил девочку в Уральске от Наталья на Rutube

Талқылау