Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол бағдарлаушысының міндетін дұрыс атқарған кішкентай қыз желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Якутиядағы Нерюнгри қаласындағы көлік жүргізушісінің бейнетіркегішіне түсіп қалған видео халықаралық желілерде танымал роликке айналып кетті.

Безымянный

Жаяу жүргіншілер жолағына жақындап қалған көлікті тоқтатқан кішкентай қыз, өзі қатарлас балалардың жолдан өтуіне қолмен рұқсат беріп, олар толық өтіп болғаннан кейін жүргізушіге жүре бер дегендей ишарат білдіреді. Әрі ол жол бағдарлаушысының әрекетін айна-қатесіз дұрыс жасай білген.

Желі қолданушылары мектеп оқушысының мұқияттылығына тәнті болған. Ал енді бірі қыздың қасындағы күшікке назар аударыпты. Күшік әуелі бір бағытта жүріп, сосын кері қарай қайтады. Желі қолданушысының айтуынша, күшік те солай әрлі-берлі жүру арқылы қозғалыс аяқталғанша оған атсалысқан.

Оқи отырыңыз:

Астанада құрылысшылар 6 жасар қызды зорлағалы тұрған педофилді ұстады (видео)

Атырау облысында жүкті әйел көлікте кетіп бара жатып босанып қалды (видео)

Жолаушылар ұшақ бортында төбелесіп кетті (видео)

Қытайда 12-қабат ғимаратты бір сәтте қиратып көшедегі адамдардың зәресін ұшырды (видео)

Stan.kz
Бейсенбі, 04 Мамыр, 2017 12:10