Желі қолданушылары Facebook пен Instagram-ның істен шыққанын айтып шағымдануда
Facebook және Instagram қолданушылары бірнеше елден әлеуметтік желілердің істен шығуына шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Downdetector басылымына сілтеп.

Порталдың мәліметінше, ақау Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат алтыда басталған. Шарықтау шегі 18.44-те болғанымен, шағымдар әлі де келіп түсуде.
Facebook пен Instagram-дағы істен шығу туралы, негізінен АҚШ, Колумбия, Перу, Еуропаның бірнеше елі және Ресейдің батыс бөлігі шағымданды. Ақаулыққа шағымданғандардың 72 пайызы сайтқа кіруде мәселе туындаса, 27 пайызы кіру проблемалары туралы хабарлады.
Сайтқа кірген кездегі кідірістер туралы қазақстандықтардан хабарламалар түскен жоқ.
Айта кетсек, Facebook - әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі. Қазір Instagram дәл осы Facebook компаниясына тиесілі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"