Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазуы бар бағана тұрғындардың үстіне құлады: Оқиға бойынша Нұр-Сұлтан полициясы іс қозғады

Нұр-Сұлтанда жазуы бар бағананың екі адамның үстіне құлап кеткен оқиға бойынша полиция іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

баннер астана 2

"ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Емдеу шараларынан кейін тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалады", – деп мәлімдеді елорданың полиция департаменті.

Сондай-ақ астана тұрғындарының үстіне құлаған "Тәуелсіздікке 30 жыл" бағанын орнатқан мердігерге қатысты да өз міндетін селқос орындауына байланысты жаза әзірленіп жатыр.

Алматы облысының әкімдігі құрылымды дайындау және орнату жұмыстарын мердігер ұйым "Design pro" ЖШС жүргізгенін айтты. Бағананы 2021 жылы орнатқан.



"Құрылым талаптарға сәйкес арнайы арматурамен және бекітуші темірмен бекітілген. Соған қарамастан мердігерге қатысты да өз міндетін селқос орындауына байланысты жаза әзірленіп жатыр", – деп жеткізді әкімдік.

Әкімдік сонымен қоса зардеп шеккен – әйел мен жасөспірім қыздың денсаулығын қалпына келтіруге қолдау көрсетіліп, материалдық өтемақы төленетін айтты. Аудан әкімшілігінің қызметкерлері жапа шеккен тұрғындардың туыстарымен байланыс орнатқан.

Еске салайық, 26 мамырда Нұр-Сұлтанда Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаңда "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" жазуы бар бағана әйел мен жасөспірімнің үстіне құлап кеткен.

Ақберен Амангелді
Жұма, 27 Мамыр, 2022 14:55
Талқылау