Жәния Джуринская бір жасқа толған қызының тұсауын кестірді
Белгілі актриса Жәния Джурниская қызы Софидің бір жасқа толуына орай тұсауын кестірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/djurinskaya
Жәния Джуринская қызына әсерлі жазба арнады.
“Ваннада жатсам балықтар жүзіп жүр екен. Арасында жүзіп жүрген алтын балыққа қарап тұрып: “Әдемі екен, өзімде қалдырамын” деп ойладым. Саған жүкті екенімді білмей тұрып осындай түс көрдім. Жүрегімнің астында сен пайда болған күні әкең менің ішіме қолын қойып, “сен жүктісің” деген болатын. Мен сені Құдайдан сұрап алдым. Біз сені қатты күттік және бізді таңдағаныңды сездік. Сен өзіңмен жарық ала келдің. Бізді таңдағаның үшін Жаратқанға және саған шексіз алғысымды білдіремін. Өмір сені жақсы көреді, сен де өмірді жақсы көріп кетесің. Ол таңғажайыпқа толы. Біз әрқашан сенің жаныңдамыз және сені қатты жақсы көреміз. Бір жасың құтты болсын, бақытым. Жолың ақ болсын, балам! Ойнап жүріп өмір сүр. Дәл осы бейнежазбадағыдай айтқаныңнан қайтпа. Саған бәрі болады, әкең мен анаң жаныңда”, – деп жазды актриса.
Отбасылық мерекеде бас қосқан жақындарының бірі Софидің тұсауын кесті. Бейнежазбадан баланың жолына төселген ақ матаның екінші басына кітап, ақша, бет әрлейтін қылқалам мен сөмке қойғанын байқауға болады. Софи еш ойланбастан ақшаны таңдады.
“Жолы ашық болсын”, “Құттықтаймын, бақытты, атақты қыз болсын”, “Әкесіне ұқсайды”, “Қадамы құтты болсын”, “Кішкентай ханшайымның туған күні құтты болсын”, “Не таңдау керегін біледі”, “Ақ жол, бақытты болсы”, – деп жылы лебізін білдірді желідегілер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік