Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жамбыл облысында автобуспен болған ірі жол апаты кезінде зардап шеккендердің төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Жуалы аудандық орталық ауруханасына 48 адам медициналық көмек алу үшін жүгінді. Зардап шеккендерден 17 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде жан сақтау бөлімінде - 4 адам, хирургия бөлімінде - 13 адам. 

1 адам санитарлық авиация желісімен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарланды Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 


Ақтауда жалаңаш ер адам үш баланы күштеп пәтеріне кіргізіп, балтамен қорқытқан


Бұған дейін оқиға орнында 2 адамның қаза болғаны хабарланған еді. 
Жол-көлік оқиғасы 12 мамыр күні күндіз Батыс Еуропа - Шығыс Қытай республикалық трассасында, Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылы маңында болған. 

Өзбекстаннан бет алған Setra жолаушылар автобусы трассада аударылып кеткен. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 13 Мамыр, 2022 10:57
Талқылау