Жамбыл облысында автобус апатынан екі жолаушы мерт болып, 33 адам зардап шекті
12 мамыр күні сағат 15:50 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 571-шақырымында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тауып, тағы 33-і зардап шекті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының нашарлауынан (жаңбыр мен бұршақ) автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, сол бағытта келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен автобустың жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 33 адам ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ