Зеленский украиндық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді
Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңындағы ұшақ апатында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Украина басшысы Facebook желісінде жазды.
"Таяу Шығыстан келген суық хабар. Ұшақ апатында опат болған марқұмдардың туыстарына қайғыра көңіл айтамын", - дейді Зеленский.
Зеленский Ирандағы Украина елшілігі аталған жайт бойынша істің мән-жайын анықтайтын болатынын жеткізді.
Бұған дейін 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырағаны айтылған еді. Кейіннен Иранның авиация министрлігі құлаған ұшақтың ішінде болған ақпаратты толықтырды. Ирандық министрліктің өкілі Джаафар Заденің айтуынша, ұшақта 167 жолаушы болған. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы тірі қалмапты.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"