Юлия Путинцева Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияда өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: WTA
Әлемнің қырық бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен WTA 250 турнирінде жеңімпаз атанды. Отандасымыз алғашқы айналымда француз спортшысын, екінші кезеңде украиналық Ангелина Калинина ұтты. Сондай-ақ ширек финалда америкалық теннисшіден басым түссе, жартылай финалда италиялық Элизабетта Коччареттоны екі сетте жеңді. Ал финалда Айла Томляновичке қарсы ойнап, екі сетте 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Путинцева биылғы маусымдағы және көгал төсенішіндегі WTA жарысында алғаш рет топ жарды.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған

