Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда көлік салығын төмендетуді ұсынды

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысында көлік салығын төмендету туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Барлық жеке тұлғаларды толғандыратын нәрсеге назар аударамын. Бүгінде екінің бірі жеке көлігімен жүреді. Енді біз барлық жеке тұлғалар үшін көлік салығы ставкаларын төмендетеміз. Атап айтсақ, 10 жылдан астам қолданыстағы көлікке – 30%, ал 20 жылдан астам қолданыстағы көлікке 50%-ға дейін төмендетіледі”, – деді Азамат Әмрин.

Азамат Әмрин зейнеткерлерге де арнайы жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті.

“Зейнеткерлер үшін біз жеке табыс салығы ставкасын төмендетеміз. Бүгінде осы іспеттес негізгі ұсыныстар келді”, –деп түсіндірді вице-министр.



Еске салайық, сәуір айында премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында көлік салығын өзгерту жоспары қарастырылып жатқанын жазған едік. Үкімет басшысы жауапта көлік иелері көліктердің қызмет ету мерзімі мен құнына байланысты бірнеше жылдан бері жеңіл көліктерге салық салуды қайта қарау мәселесін айтып жүргенін атап өтті.

Талқылау