Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтардың 72 мүшесін ұстады
5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдары және Бас прокуратурамен бірлесіп Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК қару мен есірткіні заңсыз сақтау, бопсалау, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру және өзге де ауыр қылмыстар жасады деп күдікке ілінген топтардың 72 адамын ұстады.
Олар "Қорғас" ХШЫО, "Жібек жолы" өткізу пункті және "Қордай автомобильдік" өткізу пунктінде заңсыз әрекеттерін жүзеге асырған.
Тінту барысында атыс қаруы, ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді