Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚШҰ миссиясының өкілдері 15 қыркүйекте Арменияға ұшады

Армения-Әзербайжан арасындағы жағдайды бағалау үшін ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) екі елдің шекарасына миссия жіберетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚШҰ бірлескен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған миссияның алдыңғы қатарлы тобы 15 қыркүйек Арменияға ұшатыны хабарланды. 

"Миссия құрамында ұйым хатшылығының қызметкерлері болып табылатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен ҰҚШҰ бірлескен штабының әскери қызметкерлері болады", - деп хабарлады ұйым.



Еске салайық, 12 қыркүйекте Армения-Әзербайжан шекарасында жағдай күрт ушығып кеткен болатын. Армения қорғаныс министрлігі Әзірбайжан қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы Армения территориясын атқылай бастағанын хабарлады. Әзірбайжан билігі бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс отырысында ұйымның бас хатшысын шекараға жіберуді, сондай-ақ жағдайды талдау үшін жұмыс тобын құруды ұсынды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әзірге Арменияға қазақстандық бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі талқыланбағанын хабарлады.

Талқылау