"Вагнер" қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық 4,5 жылға сотталды

Талдықорғанда "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы (ЖӘК) қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандық жігіт сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу барысында Талдықорған тұрғынының бірнеше жыл бұрын ресейлік "Вагнер" ЖӘК-мен келісімшартқа отырғаны, кейінірек "Редут" ЖӘК-мен келісім жасағаны анықталды. Ол 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін Украина аумағындағы әскери қақтығысқа дәрігер және кезекші қызметкер ретінде қатысып, жалақы алып отырған.
Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық Ресейде 12 жылға сотталды
Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот 27 жастағы қазақстандықты "шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу" бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Еске салсақ, бұған дейін Украинадағы соғысқа қатысқан Атырау тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”