Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жасар баланы ұрлап, өлтірген: Күдікті кінәсін мойындады

Қарағанды облысында 3 жасар бүлдіршінді ұрлап, өлтірді деген күдікпен тұтқындалған ер адам кінәсін толықтай мойындады. Олыстық полиция департаментіндегілер мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Анасының қолынан жұлып алып, қашқан»: Қарағанды облысында 3 жасар бала ұрланды

Полиция мәліметінше, күдікті Игентай Сопыжанов 9 қыркүйекте түнгі сағат 1-лердің шамасында тұтқындалған. 

Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Ержан Файзуллинның сөзінше, қазіргі уақытта Сопыжанов баланы ұрлап, өлтіргенін мойындап отыр.

"Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Бүгінгі таңда айғақ базасын бекіту мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында 5 қыркүйек күні дүкеннің жанында бір ер адам 22 жастағы танысына жүгіріп келіп, үш жасар баланы қолынан тартып алып, содан кейін хабарсыз кеткен. Артынша ұрланған бала өлі күйінде табылған еді. 

Оқиғадан кейін баланы өлтірген күдіктіге республикалық іздеу жарияланған-ды. Артынша оның ұсталғаны хабарланды.

Талқылау