Түркияға жер сілкінісінен кейін 60-тан астам ел көмек берді - Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкіністерінен кейін 60-тан астам ел Түркияға көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Ердоған Хатай қаласына барды. Мұнда 7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі сезіліп, тұрғындар зардап шекті.
"Біз тарихымыздағы ең үлкен жер сілкіністерінің бірін бастан өткердік. Өкінішке қарай, Хатай – апаттан ең көп зардап шеккен және ең көп қираулар мен адам шығынына ұшыраған қалалардың бірі", – деді түрік басшысы.
Ол осы қиын күндерде 60-тан астам ел әртүрлі көмек көрсетіп, Түркияны қолдағанын атап өтті. Ердоған Әзербайжанға, Израильге, Сауд Арабиясына, Катарға, Кувейтке алғысын білдірді. Өйткені аталған елдер бірінші болып жауап беріп, көмекке асықты.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті