Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда мародерлардың кесірінен құтқарушылар елден кетіп жатыр: Елшілік түсіндірді

Түркияның Қазақстандағы елшілігі құтқарушылардың елден кетіп жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін шетелдік БАҚ тонаушылардың кесірінен шетелдік құтқарушылар апат аймағынан кетіп жатқаны туралы жазған болатын.

Елшіліктің баспасөз атташесі Махмут Шевкет Байрамның айтуынша, шетелден келген құтқару және іздестіру топтары Түркияда, олардың ешқайсысы елден шықпаған.

"Израильдің құтқару тобы елден кеткен жоқ, олар қазір Түркияда. Қазіргі уақытта Австрияның құтқару топтары да іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы Түркияда. Германияға қатысты біршама басқа ақпараттар бар, бірақ бұл адамдарға жалған ақпарат беру мақсатында жасалып жатқан болуы мүмкін", - деді елшілік қызметкері.

Елшіліктің мәліметінше, қазіргі уақытта жер сілкінісі болған аймақта Құрлық әскерлері қолбасшылығының, Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының және Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігі Әскери-әуе күштері қолбасшылығының 26 ​​211 әскери қызметкері жұмыс істеуде.

Жағалау күзеті қолбасшылығы мен теңіз күштері қолбасшылығы аймаққа көмек жеткізу үшін барлығы 26 кемеге тағайындаған. Сонымен қатар, жер сілкінісі аймағында 114 ұшақ пен 70 тікұшақ белсенді пайдаланылуда, ұшақтар осы уақытқа дейін 3232 ұшуды орындаған.

Талқылау