Түркістандық қойшы иесінің малын 16 млн теңгеге сатып жіберген
Ордабасы ауданының тұрғыны өзіне тиесілі асыл тұқымды жүздеген малды сатып жібергенін айтып, полицияға қойшысының үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шаруаның мәлімдеуінше, қойшы әрқайсысы 70 000 теңге тұратын 200-ден астам малды сатып жіберген. Күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығынның жалпы көлемі 16 000 000 теңгеден асады.
"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тіркеуге алды. Тергеу барысында күдіктінің 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата бергені анықталды. Ол өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу үшін қылмысқа барғанын мойындады", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"