Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны қызының телефонынан әкесінен келген күмәнді хаттар тапқан: Педофил-әке сотталды

Түркістан облысында қызын зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеп хабарлайды.

педофил

Тергеудің мән-жайын Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов айтып берді.

"Мен де әкемін және тергеуде бірінші жыл отырған жоқпын. Мен әртүрлі қылмыскерлерді көрдім. Бірақ мұндай қылмыстарды көргенде жағамды ұстаймын. Себебі, осы жылдың басында Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз берген. Әйел өзінің үлкен қызының телефонында кездейсоқ күйеуінің хабарламаларын тапқанын айтты. Бұл мәтіндердің мазмұны әйелге күдік тудырыпты. Қызымен ашық сөйлескеннен кейін ол күйеуінің өз баласын зорлап жатқанын түсінген", - деді Жалғасов.

Арыз бірден "зорлау" фактісі бойынша бірыңғай тізілімде тіркелді. Тергеушілер тергеуді бастады.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында біз бұл отбасы есепке алынбағанын анықтадық. Отбасының әкесі Ресейде вахталық әдіспен, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істеген. Бес баланы тәрбиелеп отырған, қарапайым отбасы. Ең үлкен қызы педофил әкенің құрбаны болды. Біз барлық тергеу әрекеттерін жүргіздік. Жәбірленушінің әкесі кінәсін мойындамады. Барлығын жоққа шығарды. Ол қызының бәрін ойдан шығарып отырғанын айтып әлек", - деп жалғастырды Жалғасов.

Дәлелдемелерді түйірлеп жинауға тура келді, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақыт кетті.

"Осы уақыт ішінде біз бірқатар сараптамаларды тағайындадық. Қыздың әкесінің кінәсінің дәлелдерін жинау үшін басқа да іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс-қозғалды. Әр том 180 беттен тұрды. Осы жылдың жазында айыптау ісі сотқа жіберілді. Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Қыздың әкесі 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді тергеу басқармасының бастығы.

Талқылау