Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы жабық тас жолдың алдына 200-ден астам көлік жиналып қалды

Түркістан облысындағы тас жолдың жабық болуына байланысты 120 жеңіл және 100 жүк көлігі жиналып қалды. Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

трасса

11 ақпанда Түлкібас ауданының Шақпақ-баба ауылы, А-2 "Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент" тас жолының жабық учаскесінің алдында (593-632 км, Жамбыл облысы –Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды.

Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.

Жұмысқа ТЖ, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылған.



Сонымен қатар, "жедел желі" телефоны ашылды: 8(7253)357881

QazAvtoJol таратқан мәліметке сүйенсек, қазір республикалық жол желісінде 300-ден астам арнайы техника мен 500 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр. Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында қарлы боран мен көрінудің шектелуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскелері жабылған.

Автокөліктің барлық түрлері үшін "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының екі учаскесінде (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін және Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін) көлік қозғалысы шектелген.

Екатеринбург-Алматы тас жолының Ақсу Аюлы кентінен Балқаш қаласына дейінгі бөлігі жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Талқылау