Түркістан облысында мектеп түлектерінің кортежі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Түркістан облысында полиция түлектердің төрт кортежін анықтап, жүргізушілерді жауапқа тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Түркістан облыстық ПД
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше түсіндірме жұмыстарына қарамастан түлектердің бірқатары кортеж ұйымдастырған.

Фото: Түркістан облыстық ПД
Мәселен, Түлкібас ауданында терезеден шыққаны үшін шымкенттік түлектердің кортежі тоқтатылды. Дәл осындай деректер Ордабасы мен Қазығұрт ауданында да анықталыпты.
Toyota Camry, Toyota Land Cruiser мен өзге көліктердің жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді