Трамп не туралы сұрады: Назарбаев АҚШ президентімен не жөнінде сөйлескенін айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысып, АҚШ-қа сапары кезінде Дональд Трамптың не туралы сұрағанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Сурет: REUTERS / Kevin Lamarque
«Қаңтар айында жұмыс бабымен АҚШ-қа сапарладым. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның қай елдермен жауласатынын сұрады. Мен біздің жауымыз жоқ екенін айттым. Барлық мемлекет бізді құрметтейді. Біз де оларды құрметтейміз», – дейді Елбасы.
Айта кетсек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 16-18 қаңтарында ресми сапармен АҚШ-та болып, АҚШ перзиденті Дональд Трамппен кездесті. Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатыстып, сөз сөйледі.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев: Біз қазақ халқының арқасында аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз (фото)
Елбасы қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті: Біз бүкіл халықтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтейміз
БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды (фото, видео)