БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды (фото, видео)

Батыс Қазақстан облысында соққан қатты желден ағаштар құлап, сауда үйінің шатырын жұлып әкеткен. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды

28 сәуір сағат 16: 00-де Теректі ауданының орталығы Федоровка ауылында «Димар» сауда үйінің шатырын жел жұлып кеткен. Аталған ғимаратта дәріхана орналасқан болатын. Абырой болғанда сол кезде сауда үйінің айналасында адамдар болмаған. Кейін сауда үйі қоршалып, тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданды.

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды

 

Ал Зеленовка ауданының Янайкин кентінде төрт үйдің шаруа ғимараты мен өткен жылдан қалған шөп өртеніп кеткен. Ауланы тазартып, қоқыстарды өртеп жүрген тұрғын қатты желді ескермеген. Ауыл әкімі Исатай Мұғалбаевтың сөзіне қарағанда, келтірілген шығын есептелуде.

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды

Орал қаласының көшелерінде бағдаршамдар, ағаштар мен жарнама тақтасы құлады. Сондай-ақ Орал-Атырау  тас жолында «Орал» сөзіндегі екі әріпті жел ұшырып әкетті. Қатты желдің салдарынан қаланың кейбір аудандарында жарық болмай, кейінірек қосылды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі осындай істер туралы деректердің жүйеленгенін хабарлады.

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Айтиев көшесінің бойында орналасқан орталық базар алаңында қатты желден ашылған қақпа 10 жасар қыздың басына тиген. Сағат 15: 48-те жедел жәрдемге қыздың жарақат алғаны туралы қоңырау келіп түскен. Басынан жарақат алған 2008 жылы туылған қыз қаланың көпфункционалды ауруханасына жеткізілді. Кейінірек қыз үйіге жіберілген.БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды

Тағы оқыңыз: 

Назарбаев: Ресей – Құдай қосқан көршіміз

Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды

Кім болса да, орнына қойыңдар: Назарбаев арандатушылар туралы әңгімеледі

Назарбаев қазақстандықтарды ақшаны тойға емес, тұрғын үйге жұмсауға шақырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар