Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жас кезіндегі жатақханасын есіне алды.

Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтуде. Жиналыс барысында Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы және оның жастарға арналған жатақханалар тұрғызу  тапсырмасы жайлы әңгімеленді.

«Менің алғашқы жатақханам Теміртаудағы шатыр болды. Дала боран, аяз. Қарағанды металлургиялық комбинатының құрылысы басталысымен комсомол жолдамасы бойынша жіберілген 30 адам сол уақытта шатырда тұрған едік. Содан кейін Қарағандыдағы жатақханада тұрдық. Жатақхананың мекен-жайы мен бөлменің нөмірі әлі күнге дейін есімде. Бұл кезең өте жақсы есте қалды»,-деп есіне алды Назарбаев.

Айта кетейік, Елбасы 2022 жылдың соңына қарай кем дегенде 75 мың орындық студенттік жатақхана салуды тапсырды.

Тағы оқыңыз: 

Кім болса да, орнына қойыңдар: Назарбаев арандатушылар туралы әңгімеледі

Назарбаев қазақстандықтарды ақшаны тойға емес, тұрғын үйге жұмсауға шақырды

Қарапайым адам түсінбейді: Назарбаев Ақышевтың баяндамасын сынға алды

Назарбаев: Миллиондаған қазақстандықтар “7-20-25” бағдарламасы бойынша баспаналы бола алады

Талқылау