Қазақстан Президенті: Біз бүкіл халықтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтейміз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында қазақстандықтарды көпұлтты Отанымызды мақтан тұтуға шақырды.

Қазақстан Президенті: Біз бүкіл халықтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтейміз

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Ұлтаралық қарым-қатынас әрқашан нәзік мәселе болып келеді. Бұған айқын маңыз беріп, ештеңені жіберіп алмау керек. Әрине, әр ұлттың, халықтың ұлттық мақтанышы, ұлттық әл-ауқаты бар. Бұның жіп-жіңішке мембранадан, ұлтшылдықтың шеңберінен өтпегені маңызды. Ол енді мүлде басқа мәселе. Біз, қазақстандықтар, өз халқымыз бен елімізді мақтан тұтамыз. Бірақ біз басқа халықтарды да, олардың мәдениетін, дінін, дәстүрін құрметтейміз. Міне, осынау әртүрліліктің ішінде өсімнің керемет нүктесі бар. Осылай өмір сүрген де қызықты. Егер кенеттен барлық нәрсе бірдей болып кетсе, кез-келген жерге барудың қажеті болмаса бұл әлемде өмір сүрудің өзі қызық болмас еді. Сондықтан біз барлығын құрметтеп, осы мәдениеттерді түйсінгенде ғана бақытты боламыз», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Ассамблеяның 40 бөлімшесі мен орталығы қазірдің өзінде жетекші университеттерде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Өткен жылы ғана ҚХА құрылымдары ондаған кітаптар мен жүздеген мақалаларды дайындады. Бұл жұмысты жүйелі түрде үйлестіру керек. Оларды құрып қана қоймай, халық біздің не үшін жұмыс істеп жатқанымыздан хабары болып, оқып – білуі керек. ҚХА-на мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2018-2020 жылдарға арналған ұлтаралық, әлеуметтік-демографиялық саладағы ғылыми жұмыстардың жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Осы міндеттердің жүзеге асырылуы ҚХА-ның жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: 

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды (фото, видео)

Назарбаев: Ресей – Құдай қосқан көршіміз

Бұл Теміртаудағы шатыр болды: Назарбаев өзінің алғашқы жатақханасын есіне алды

Кім болса да, орнына қойыңдар: Назарбаев арандатушылар туралы әңгімеледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар