Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Біз қазақ халқының арқасында аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Қазақ елі монументінің алдындағы алаңда өткізіліп жатқан мерекелік шараға қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz.

Назарбаев: Біз қазақ халқының арқасында аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз

Сурет: Tengrinews.kz

«Мемлекет басшылығының атынан барлығыңызды біздің қазақстандық бренд, яғни Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Біз бірліктің көмегімен көптеген жетістікке қол жеткізіп жатырмыз. Біз мемлекет құрдық және бірлігімізді барлығы айтуда. Мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ», – дейді Елбасы.

Назарбаев: Біз қазақ халқының арқасында аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз

Сурет: Tengrinews.kz

Сонымен қатар мемлекет басшысы тарихтан бірліктің күші туралы мысалы келтірді.

«Рим империясында туыстық биологиялық емес, азаматтық саналған. «Нация» сөзі жаңа туған деген мағынаға саяды. Мұнан кейін ғана ол «ұлт» мағынасына өзгерді. Өз еркімен бірлесіп, бір заңға бағынған адамдардың азаматтығы ғана Рим империясының мыңдаған жыл бойы әйгілі болуына ықпал етті. Біз бірлікті осылай насихаттаймыз.

Бір кездері тоталитарлық режим: «Қазақ даласына барлық ұлтты жібереміз. Олар сол жерде өмір сүрсін немесе құрдымға кетсін», – деген ұйғарымға келді. 550 мың солтүстік кавказдық, миллионға жуық неміс, ұйғыр, кәріс, украиндықтар, Балтық маңындағы елдерді қазақ жеріне әкелді. Ал тұтқындарды бір жерде ұстаған лагерьлер туралы айтпай-ақ қояйын. Олар далада өмір сүре алмайды деп ойлаған еді. Алайда  мұндай жағдай орын алған жоқ. Жергілікті халықтың үлкен құрметінің арқасында, бүгінде біз аман қалдық, аяққа тұрдық, мемлекет құрып, дамып жатырмыз. Дәл осылай жалғастыру керек», – дейді мемлекет басшысы.

Назарбаев: Біз қазақ халқының арқасында аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз

Сурет: Tengrinews.kz

Оқи отырыңыз:

Елбасы қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті: Біз бүкіл халықтың мәдениеті мен дәстүрін құрметтейміз

БҚО-да соққан қатты желдің салдарынан 10 жастағы қыз жарақат алды (фото, видео)

Назарбаев: Ресей – Құдай қосқан көршіміз

Талқылау