Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев “АҚШ – Ислам әлемі” саммитінде бірқатар мемлекет басшылары және делегация басшыларымен кездесті. Оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп та бар.

Безымянный

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу барысында қостарапты әріптестіктің негізгі бағыттары талқыланып, сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар сөз болды. Екі ел президенті басты күн тәртібіндегі халықаралық тақырыптар төңірегінде де әңгімелесті.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Кувейт мемлекеті басшысы Сабах әл-Ахмад әл-Жәбер ас-Сабахпен, Катар басшысы шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халиф, Әбу-Даби мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Йемен президенті Салех, Мавритания президенті Мұхаммед Абдел-Азиздермен кездесті.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар шетелдің қымбат көлігінен түскісі келмейтін шенеуніктерді сынады

Елбасы “Назарбаев Университеті” басшысымен ағылшынша сөйлесті (видео)

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Астана әкімі Исекешев асықты шебер ойнайтынын көрсетіп таңғалдырды (видео)

Талқылау