Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Кәсіпкерлерге қысым жасауды доғару керек. Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен барған Елбасы күнгейлік шенеуніктерге осындай ескерту жасады. Өйткені, кәсібін дөңгелеткісі келетіндерді аяқтан шалатын атқамінерлер көп дейді Нұрсұлтан Назарбаев, – деп хабарлайды КТК арнасы.

23651-6-nazarbaev_kazahstan_v__ru

“Тексеруді тоқтатыңдар, бастарын қатырмаңдар. Жер телімін алу үшін тентіретуді қойыңдар.  Жер учаскесін бөлу, жалға беру, мерзімін ұзарту, пайдалану мақсатын өзгерту, рұқсат алу, құжаттары ұзақ уақыт қаралады облыста. Осыған көңіл бөлу керек”, – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Оңтүстік Қазақстанның мемлекеттен ең көп дотация алатын өңірдің бірі екенін айтқан Елбасы бюджетке қарап қол жая бермеуге кеңес берді. Өндіріс орындары көптеп ашылса да, күнгейде жұмыссыздар саны артыпты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Назарбаев Түркістан, Отырар және Сайрам секілді тарихи аймақтарға туристер тартуды тапсырды. Шымкентте «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен облыстық «Қазақстан халқы ассамблеясы үйінің» ашылуына қатысқан Елбасы, сондай-ақ, Сайрам ауданындағы жаңа технологиялармен өсіріліп жатқан алма бағында да болып қайтты.


Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев айтыскер ақындарға көп жағымпаздана бермеуге кеңес берді

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Димаш Құдайберген Ассамблея сессиясында сөз сөйледі

Талқылау