Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Рианнаны емес, Димашты таңдаймын

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы “Время” газетіне берген сұхбатында Димашқа мемлекет тарапынан көрсетілген көмек жайында айтты. Ол “Мәдениет министрлігі Димаштың танымалдылығына ортақтаса бастады” деп сынайтындарға өз жауабын берді.

мухамедиулы 270417

Арыстанбек Мұхамедиұлы “ЭКСПО-2017” көрмесінде өтетін мәдени шаралар жоспарымен бөлісті. Әңгіме барысында министр шетелдік Мадонна мен Рианнадан Димашты биік қоятынын айтты.

«Барша халықты Димаш Құдайбергеннің концертіне мақтананышпен шақырғым келеді. 27 маусым күні Димаш «Астана-Аренада» 30 мың көрермен жинай алады деп сенемін. Димаштың Астанада өнер көрсетуін, тіпті, Рианна мен Мадоннадан артық күтіп жүрмін», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қытайда танылмай тұрып-ақ мемлекет тарапынан Димашқа қолдау көрсетілгенін мәлімдеді.

«Иә, әртүрлі адамдардың пікірлерін көрдім. Біреу Димашты Қытайға алып барғанын айтса, екіншісі Димаштың өз елінде қолдау көрмегенін жазып жатты. Ешкіммен таласқым келмейді, бірақ сізге айтып берейін.

Мен Димашты алғаш рет 2012 жылы «Жас қанат» байқауында көрдім. Әділ-ақазылар алқасында болдым және сол уақыттан бері Димашпен араласып тұрамыз. Димаш тұрақты түрде барлық мемлекеттік іс-шараларға қатысып жүр, біз оның мүмкіншілігін де, репертуарын да білеміз. Ол Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті болып табылады.

Біз оны мемлекеттің атынан «Славянский базар» байқауына жібердік, онда гран-при иеленгенін білесіздер. Қытайдың Hunan арнасынан көрсетілген байқауға да Мәдениет министрлігінің есебінен кетті. Жоба барысында Димаш қазақ әнін шырқайтын кезде біз өнер академиясының фольклорлық-музыкалық тобын жібердік, сондай-ақ, Димаш пен оның Отаны Қазақстан туралы фильм түсірген Hunan TV арнасы түсірілім тобының Астанаға келуіне жәрдемдестік. Димаштың 2016 жылдың қыркүйегінен бері «Қазақконцерттің» штаттағы қызметкері екенін екінің бірі біле бермейді. Бұл да мемлекеттің қолдауы. Димаш Құдайберген – барша халқымыздың мақтанышы, сөзсіз талант иесі. Біз жас таланттың ашылуына көмектесіп жатырмыз, ол біздің міндетіміз. Және Димашты жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін», – деп мәлімдеді Мәдениет министрі.

Дегенмен Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың Қытайдағы жобаға қатысуына қыруар қаржы кетпегенін мойындады.

“Сіздер оның Қытайда қаншалықты танымал екенін елестете де алмайсыздар. Оның миллиондаған жанкүйері бар. Бір сөзбен айтқанда, Димаш көршілес ел, қала берді бүкіл әлем үшін Қазақстанды басқа қырынан ашты”, – дейді Мұхамедиұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Димаш Құдайберген Ассамблея сессиясында сөз сөйледі

Димаштың концертіндегі журналистермен төбелескен күзетшілер жұмыстан қуылды

Димаштың Қытайда қалатыны рас па?

Димаштың қытайлық жанкүйерлері “Абай жолын” жарыса оқып жатыр

Талқылау