Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

Кеше, 26 сәуір күні президент Нұрсұлтан Назарбаев күллі әлемге дара дауысымен танылған Димаш Құдайбергеновты жеке қабылдап, батасын берді.

18121284_1023541694456882_3785665314403056842_o

“Жеңісің құтты болсын, қолдаймын, табысты бол! Құдай берген дауысың бар, соны сақтау керек. Саған бата берейін деп шақырдым. Аман бол, болашағың жарқын болсын! Қазағыңа, еліңе еңбек етуге Алла күш-қуат берсін! Талантың өсе берсін! Папаңа, мамаңа менен сәлем айт! Көрсем өзім де айтармын. Барлығымызды қуанттың, табысты бол!”, – деді президент.

Өз кезегінде Димаш Елбасының ыстық ықыласына алғысын білдірді.

“Қазіргі таңда біз әлемнің қай түкпіріне барсақ та Қазақстаннанбыз деп еңсемізді тік көтеріп, мақтанышпен айтамыз. Сол себепті тәуелсіздігіміз үшін, қазіргі бейбіт өмір үшін сізге үлкен рахмет айтқым келеді”, – деді әнші.

Сондай-ақ, ол кездесу барысында Қытайда жүріп байқаудан тыс үш жүлде алғанын да атап өтіп, алдағы уақытта тек жанды дауыста үлкен аренада концерт беруді армандайтынын да жеткізді. Айта кетейік, Димаш Қытайда жүріп Азияның ең танымал әншісі және халықаралық деңгейдегі танымал әнші атақтарына қол жеткізген еді. Сондай-ақ, Димаштың “Battle of memories” кинофильміне орындаған саундтрегі Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды.

Еске салсақ, Димаш Қытай елінде өткен “I am a singer” халықаралық ән байқауында екінші орын алып, күллі әлемді өнерімен дүр сілкінтті. Осы байқаудағы жеңісінен кейін ол алғаш рет Астанаға аяқ басты. Әншінің жанкүйерлері оған ерекше құрмет көрсетіп, әрі қарай “Әлем таныған Димаш” концерті болды.

Оқи отырыңыз:

Салтанат Бақаева Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы туралы айтты

Асхат Тарғын келіншегін дұрыс танымайтын болып шықты

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Медеу Арынбаев: Бізде Димаш сияқты жастар көп, бірақ оларды қолдамайды

Талқылау