Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I am a Singer байқауында 2-орын алды

Сенбі, 15 Сәуір , 2017 22:27

Қытайдың “Хунань ТВ” телеарнасынан көрсетілген “Мен әншімін” жобасында қазақстандық Димаш Құдайбергенов 2-орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

20170408215716-768x512

Димаш финалда Лаурэ Шанг есімді танымал қытайлық әншімен өнер көрсетіп, әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Erth song, Billie Jean және Dangerous әндерін орындаған болатын. Ал бірінші орын Сэнди Лим есімді Гонконг әншісіне бұйырды. Ол жалпы саны 22,6 процент жинаса, Димаш 18,47 процентпен екінші орынға тұрақтады. Ал үшінші орын Lion тобына бұйырды.

Бұған дейін Димаштың финалда өнер көрсеткен видеосы да жарияланған еді.

Осыған дейінгі кезеңдерден сүрінбей өтіп, күллі әлемді дара талантымен таңғалдырған Димаш бұл жолғы финалда тек ән айтып емес, барабанда да ойнап тәнті етті.

Ол бұған дейін берген сұхбатында да өзінің жеңісіне сенімді екенін мәлімдеген болатын. Ал финалдық сын кезінде күллі қытайлық көрермендер Димашқа жанкүйер болды десе болғандай.

Оқи отырыңыз:

Роза Рымбаева Абай Бегей мен Асхат Тарғынды ұнатпайтынын ашық айтты

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    Құтты болсын, Димашжан!

  • Anonymous says:

    Қытайлықтардың бізге бірінші орын бермейтінің білгем….Димаш,сен жарадың!Сен біз үшін қашанда бірінші орындасың!!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар