Тоқаев Грекия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, президент Астана мен Афина арасындағы достықты атап өткен.
“Президент өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"