Тоғыз шетелдік азамат Қазақстан арқылы Еуропаға заңсыз өтіп кетпек болған
Батыс Қазақстан облысында ҰҚК шекарашылары тоғыз адамды ұстады. Шекараны бұзушылар Еуропалық Одақ елдеріне кіруге үміттенген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 тамызда мемлекеттік шекараны бұзған тоғыз адам ұсталды. Шетелдіктер өткізу пунктін айналып өту үшін шекарадан өтуге тырысқан.
"17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабының 2-бөлігіне сәйкес құқықбұзушыларды жауапқа тартты", – деп атап өтті ҰҚК баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың басынан бастап БҚО-да шекарадан өту тәртібін бұзғаны үшін 110 шетелдік ұсталды.
Алматы облысында жүзге жуық ит асыраған ер адамды өлтіріп кеткен
Жануарларды қорғаушылар ер адамның желке тұсынан оқ атқанын айтты
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған