Тіпті Tesla да өртенуі мүмкін: Шығындарды кім өтейтінін Евразия СК компаниясы түсіндіріп берді
Қазақстанда жыл сайын 2 мыңға жуық автокөлік өртенеді, оның басым көпшілігі сақтандырылмаған. "Евразия" сақтандыру компаниясы оқыс оқиғаның себеп-салдары мен автокөлікке келген зақымды қалай өтеуге болатынын түсіндірді.
Кез келген көлік өртеніп кетуі мүмкін
Алматыда мекеме жанында Hyundai Elantra автокөлігі өртеніп кеткен еді. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізуші көлік құралын сол жерге қойып кеткеннен кейін батареяда қысқа тұйықталу орын алып, қозғалтқышы жанған қысқа уақыт ішінде жалын көлік салонын және сыртын шарпыған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жанып бітуге шақ қалған көлікті ғана сөндірген. Жүргізуші қуанышына орай, автокөлігін КАСКО ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырған болып шықты. Осылайша көлік иесі "Евразия" СК-нан 5,9 млн теңге алды.
Жамбыл облысындағы трассада ГАЗель next жүк көлігімен тағы бір жағдай орын алды. Сараптама жүк көлігі қозғалған кезде артқы доңғалақ аймағында тежегіш жастықшаларының кептелгенін, салдарынан тежегіш дискі қызып, артынша өрт пайда болғанын анықтады. Тілсіз жау көлік корпусына таралып, өрт сөндірушілер бригадасы келгенге дейін толығымен жанып кеткен. Көлік иесі "Евразия" СК-нан өртеніп кеткен жүк көлігі үшін 6,8 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемін алды.
"Екі оқиғада автокөліктердің жылы бірдей. Екеуі де жаңа емес және шамамен 10 жыл айдалған. Тек КАСКО полисінің арқасында көлік иелері сақтандыру төлемін алды, міндетті автосақтандыру мұндай жағдайларды қамтымайды", – деп түсіндірді "Евразия" СК атқарушы директоры Юрий Славкин.
Көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы бүкіл ел бойынша 1956-ға жуық көлік өртенген. Ал осы жылдың он айында мұндай 1777 оқиға орын алған. Айта кетері, 95% жағдайда жеңіл автокөліктер өртеніпті. Негізгі себеп - техникалық ақауларға байланысты электр жабдықтарының қысқа тұйықталуы.
"Көлік неғұрлым ескі болса, қысқа тұйықталу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады, бұл зиянды өртке және көліктің толық жойылуына әкелуі мүмкін. Жаңа машиналар аз жанатын сияқты көрінеді, бірақ олай емес. Өткен жылы біз Tesla Model 3 көлігінің иесіне 13 млн теңгеден астам төлем жасадық", – деп түсіндірді Юрий Славкин.
Сарапшының пікірінше, кез келген көлік өрт болған жағдайда сақтандыруды қажет етеді. Мәселен, тасымалдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бизнесіне көлігінің өртенуі тиімді емес.
Электр сымдарының тұйықталуы жиі кездесетін жағдай сирек емес, мұны ТЖМ статистикасы дәлелдейді. Бұнымен қоса бұзақылық ниетпен өртеу жағдайлары көбейіп кетті.
Сондай-ақ, батареяларға үнемдеудің қажеті жоқ және уақытпен тексерілген брендтерді таңдаған дұрыс.
Айта кетсек, SmartCASCO бағдарламасы бойынша сақтандыру көлік құралын табиғи апаттардан оның ішінде дауылдан, су тасқынынан қорғайды. Сонымен қатар бағдарлама үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері кезінде және жүргізуші кінәлі болса да, апаттан сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, "Евразия" СК өрт салдарынан зардап шеккендер үшін КАСКО бойынша төлемдердің айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Өткен жылы компания зардап шеккен көлік иелеріне 102 млн теңге, ал 2023 жылдың он айында 22 млн теңге ғана төлеген
eurasia36.kz немесе "Евразия" СК кеңселерінде SmartCASCO бағдарламасы бойынша полисті 50% жеңілдікпен дербес ресімдеуге, шарттарды таңдауға және сайтта құнын дербес есептеуге болады. Сондай-ақ, сақтанушыларға 11 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
Бұған дейін, "Евразия" СК толығымен өртеніп кеткен Nissan X-Trail иесіне 9 млн теңге төлеген болатын.
Лицензия 26.12.2022 күні берілген ҚНРДА № 2.1.20.