Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тығылып жатырсыңдар, қорқасыңдар": Сәкен Майғазиевтің Ринат туралы жазбасын өшіріп тастаған

Сәкен Майғазиевтің Ринат Зайытов туралы жазбасын өшіріп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Арандатушыларға басу айтып, бір-бірімізге тілекші болайық деп пікір білдірген Сәкен Майғазиев. Өнер иесі адам шығынының жоқ екенін тілге тиек етіп, қалғанын уақыттың еншісіне қалдырайық деп өтінген. Сонымен қатар, Сәкен Майғазиев жұртты шеруге шықпауға шақырды.

"Кешкі сегіздерде салған жазбам белгісіз себептермен өшіріліпті. "Тығылып жатырсыңдар", "Қорқақсыңдар", "Алаңға шықпайсыңдар ма!" деп айтушыларға басу айтамын. Ешкімге оңай соғып жатқан жоқ. Біз де азамат ретінде ақылдасып, әрекетімізді жасадық. Бір-бірімізге тілекші болайық. Әркімнің өз санасы бар. Артық ақыл тыңдауға зауқым жоқ. Қазақ өз ұлын өзекке тебе қоймас. Ең бастысы адам шығыны жоқ. Кімнің кім екенін Алла біледі. Уақыт - төреші. Күн де күңіреніп кеткендей ме, қалай? Бұл шеру соңғы шеру болсын деп тілеймін", - дейді Сәкен Майғазиев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр