Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда су жаңа туристік орталық тұрғындардың көз алдында опырылып жатыр (видео)

Тараз тұрғындары "Шахристан" қалалық туристік орталығын видеоға түсіріп, Instagram-ға жариялады. Айтуларынша, кешен жақында пайдалануға берілді, бірақ ғимарат қаптамасы түсіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Міне, Тараз қаласының туристік орталығы. Осылай тұр. Неден жасап жатыр? Қоқыстан ба?",- дейді видео авторы .

Қала әкімдігі ғимарат құрылысына 347 миллион теңге бөлінгенін айтады. Тапсырыс орындаушы -  "КДСМ" ЖШС болды. Құрылыс 2019 жылғы 15 маусымда басталып, 2020 жылғы маусымда пайдалануға берілген.

Қала әкімдігі кейбір жерлерде ғимараттың алдыңғы жағынан өрнектер түсіп қалғанын растап отыр. Бірақ олар бұл фактіні құрылыс жұмыстарының төмен сапасымен емес, ауа температурасының төмендеуімен байланыстырады.



"Ғимараттың алдыңғы бөлігінің құрылысы қысқы кезеңде жүргізілді. Ауа-райының жылынуына байланысты бояу өңе бастады", - делінген ведомство жауабында.

Тараз әкімдігінің құрылыс бөлімі мен "КДСМ" ЖШС арасындағы шартта объект бойынша кепілдік мерзімі бес жыл. 

Құзырлы органдар мердігерге кешеннің алдыңғы бөлігін қалпына келтіру қажеттілігі туралы хабарлама жіберген. Дәл осы хат осы объектінің сапасын бақылау бойынша - «Даут Инжиниринг» ЖШС-ға техникалық қадағалауға жіберілді.

 

Талқылау