Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Жорабаев қайырымды ісін жария ететіндерді сынады

Әнші Талғат Жорабаев қайырымды ісін көпшілікке жария ететіндерді түсінбейтінін айтты.

17932353_702312346619876_1486215167254462464_n

Әншінің айтуынша, соңғы кездері қоғамда қайырымды іс жасағанын жария ететіндер көбейген. Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында Талғат жақсылық жасағанын мақтанышпен хабарлайтын жандарды сынады, деп жазады Stan.kz.

«Әрине, қайырымдылық жасалу керек. Бірақ қазір қайырымдылықтар көбінесе жария болып кетіп жатыр. Ол нәрсеге өте қарсымын. Қайырымдылық, жақсылық жасайтын болсаң, оны тек Алла біледі деп, Алла разылығы үшін ғана жасаған дұрыс», – дейді Жорабаев.

Иә, расында да бүгінгінің жақсылары Жаратқанның разылығын алуға емес, жұрттың «лайкын» алуға құштар.

«Кейбір ауқымды шараларды жариялауға болатын шығар. Оны жасырғанмен, бір өзің ғана істейтін нәрсе емес, командалық жұмыс болған соң, сен жасырғанмен, басқа біреулер шығарып жіберуі мүмкін. Жария жақсылықтар болып жатады, үлкен-үлкен концерттер болсын. Бірақ ол жерде де «біз осындай адамға көмектесіп, өзімізді жақсы жағынан көрсетіп жатырмыз» деп айтудың қажеті жоқ. «Көмек сұрап келді, осылай қол ұшымызды бердік» деп қана айту керек сияқты», – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Азамат Сатыбалды: Қазақ – бақытын баласынан іздейтін жалғыз ұлт

Анасы: Димашты “мен таптым” деп мақтануға қазағымнан қорқамын

Қайрат Нұртастың анасы продюсерлікпен қоса әншілікті қолға алды

Досы «Димаш орысша білмегендіктен қазақша сөйлейді» деп сынайтындарға жауап берді

Димаштың әні Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды

Талқылау