Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Талдықорғандық Александр Мильконы Алматы әуежайында «берешегіңіз бар» деп Кипрге ұшқалы тұрған жерінен ұшаққа отырғызбай қойған аты-шулы оқиға бір жылға жуықтап барып аяқталды. Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды.

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Бұл туралы әнші 31 арна хабарлайды, деп жазады Stan.kz.

Александр Милько бұған дейін Талдықорған қалалық сотына әділдік іздеп келіп, керісінше шғына батқан болатын. Себеббірінші сатылы сот ешкімнің кінәсі жоқ, ақау базадан кеткен деп шешім шығарған. Онымен қоймай базадағы ақауды анықтаған адамға 185 мың теңге төлем төлеугеміндеттеген. Ашулы булыққан тұрғын обылстық аппеляциялық сотта өзінің кінәсіздігін толық дәлелдеп шықты. 

Сот шешімімен Милькоға 378 мың теңге өтемақы, 50 мың теңге моральдық шығын және 9 мың теңге сот шығындарын төленетін болды. Маманға төленуі тиі 185 мың теңгені де әділет департаменті өтейтін болды. 

Александр Милькоға шетелге шығуға шектеу 2012 жылы қойылып, 2014 жылы алынып тасталған. Ал, 2018 жылы шектеудің базаға қалай қайта қойылғаны белгісіз. Тұрғынның өзі базадағы шектеудің қойылғанына менің кінәм жоқ деп отыр. 

Қазақстанда бір миллион 300 мың адамға шетелге шығуға тыйым салынған. Бұл тек, қарызы үшін ел шекарасынан асып шыға алмайтындардың саны.

Талқылау