Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұмдық": Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек қолына кісен салынғаны туралы айтып анасын шошытты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек құпиясының шетін ашты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/bayanmaxatkyzy

Блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына “Болды/болмады” деген жаңа айдар ұсынды. Айсәуленің алғашқы қонағы анасы Баян Алагөзова болды. Блогер “Болды/Болмады” деп жазылған екі ақ қағаздың бірін өзіне, екіншісін анасына берді. Шағын айдардың шарты екеуі де қойылған сұрақтарға қолындағы қағаз арқылы болды немесе болмады деп жауап беру керек. 

“Менің қолыма ешқашан кісен салмады” деген сауалға Айсәуле “болды” деп жауап беріп, анасын таңғалдырды. “Сұмдық! Мұндай жағдай қашан болды? Неткен сұмдық” – деп шошыған Баян Алгөзованың қызына қойған сұрақтары жауапсыз қалды. Айсәуле Бақытбек құпиясының шетін ашқанымен, басынан өткен оқиғамен бөлісуден бас тартты.

“Танымал болғандықтан тәртіп сақшылары мен оңайлықпен жіберген емес” деген сауалға продюсер “болды” деп жауап берді. Айтуынша, полиция қызметкерлері көп жағдайда суретке түсу үшін тоқтататын көрінеді. 

“Кейбіреулерге қарағанда, мен – заңға бағынатын адаммын”, – дейді Баян Алагөзова қызын меңзеп.

Бұған дейін Айсәуле Бақытбектің екінші сәбиіне аяғы ауыр екені жайлы жазған болатынбыз.

Талқылау